Жыл сайын 1 желтоқсанда бүкіл әлемде ЖИТС-пен күрес күні аталып өтеді. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша бүгін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні - бірінші кезекте АИТВ-ның таралуына қарсы іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін кеңейтетін іс-қимылдарға шақыру.
АИТВ орталығының мамандары өз сөздерінде халықтың АИТВ туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын, АИТВ-ға тестілеу қажеттілігін және олардың статусын білуді, стигма мен кемсітушілікті жоюдың және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Акция барысында ниет білдіргендер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтуге, қысқа уақыт ішінде өзінің АИТВ статусын білуге және АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.