Іс-шараның мақсаты-қызметкерлердің АИТВ жұқтыру жолдары, оның алдын алу әдістері және емдеудің заманауи мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру. Стигма мен кемсітушілік деңгейін төмендету, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Маман АИТВ-статусына байланысты адам құқықтарын бұзуға жол берілмейтінін атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар АИТВ туралы ақпарат алды, қызықтырған сұрақтарын қойды және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға байланысты маңызды аспектілерді талқылады.
Мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыруға, толеранттылықты дамытуға және АИТВ туралы сенімді білімді халық арасында таратуға ықпал етеді.









