Студенттерге АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу жолдары, уақтылы тестілеудің маңыздылығы, сондай-ақ сенуге болмайтын жалпы мифтер туралы айтылды. Кездесу жас жігіттер мен қыздардың хабардарлығын арттыруға ықпал етті, өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Тестілеу тақырыбына ерекше назар аударды. Медицина мамандары талдауды тегін және құпия түрде - тіркелген жері бойынша емханада немесе қалалық АИТВ инфекциясы орталығында тапсыруға болатындығын еске салды. Қалаған студеттер сол жерде жедел тест тапсырып, кеңес алып, АИТВ-статусын білді.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту мәселелері қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ жастар арасындағы сенімді қарым-қатынас мәселелері және денсаулық туралы ашық диалогтың маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды. Дәріске 70 студент қатысты, оның 50 тестілеуден өтті.








