Іс-шараның мақсаты – өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу.
Дәріс барысында адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясының алдын алу, оның жұғу жолдары және қорғану тәсілдері қарастырылды. Профилактика бөлімінің эпидемиолог көмекшісі Булашева В.А. АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен қорғану әдістері туралы айтып, тұрақты медициналық тексерістен өтудің маңыздылығын атап өтті.Назар АИТВ инфекциясының жұғу жолдарына, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және салауатты өмір салтын таңдауға ерекше аударылды. Дәріс барысында жоғары сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шара соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Барлығы 60 оқушы қамтылды.








