Кездесу барысында қатысушылар 2025 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау нәтижелерін, халықтың негізгі топтары арасында профилактикалық бағдарламалар шеңберінде ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі шараларды талқылады, АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру бойынша тәжірибелерімен, сондай-ақ аутрич қызметкерлеріне арналған «OraQuick» АИТВ-ға жедел тестке биоматериалды (сілекей бойынша) алу және қою техникасы бойынша практикалық дағдыларды пысықтау мәселелерімен бөлісті. Бұдан басқа, аутрич-қызметкерлерді дала жағдайында халықтың негізгі топтарының өкілдеріне өз бетінше тексеру жүргізу бойынша одан әрі оқыту жоспарлары қаралды. У.Р. Сәулебаев атап өткендей, ҮЕҰ-мен дұрыс қойылған ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру нәтижелерінде көрініс табады.
«Human Health Institute» қоғамдық қорының басшысы А. Қапасов қонақтарға АИТВ-ға өзін-өзі тестілеу жобасының негізгі аспектілерін, байланысқа дейінгі профилактика бағдарламасын кеңейту жөніндегі іс-шараларды және басқа да мәселелерді таныстырды.
Кеңес соңында қатысушылар 2026 жылға арналған АИТВ бойынша профилактикалық іс-шараларды іске асыру шеңберінде одан әрі өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты, сондай-ақ профилактикалық қызметтер көрсету барысында алынған деректерді верификациялау тетігін әзірледі.







