2019 жылдың 23 қазанда «Өз денсаулығың-өз қолында!» қалалық акциясы аясында «Small» супермаркетінде, ЖИТС орталығы мамандары Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарка ауданының ТКҚСҚББ мамандарымен бірлесіп, супермаркет қызметкерлері мен келушілеріне арнап акция өткізді.
Іс-шара барысында ЖИТС орталығының дәрігерлері АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтты.
АИТВ-ға жедел-тестілеу жүргізіліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.