2019 жылдың 12 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Астаналық» базарында келушілер мен қызметкерлерге арналған акция өтті.Іс-шараны ЖИТС орталығының мамандары Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының ТҚСҚББ өкілдерімен бірлесе отырып ұйымдастырып, өткізді.

Акция барысында ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, стигма мен кемсітушілік тақырыптарын қозғады. Қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Акцияға қатысушылар АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтті, ақпараттық буклеттер, үнпарақтар таратылды.