60424e7c 06ad 4330 af2f a7a3304769d9

2019 жылдың 22 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Ханшатыр» сауда-ойын-сауық орталығында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» тақырыбында кең ауқымды акция өтті.

60424e7c 06ad 4330 af2f a7a3304769d9

2019 жылдың 22 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Ханшатыр» сауда-ойын-сауық орталығында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» тақырыбында кең ауқымды акция өтті.

Акцияның құрметті қонақтары олимпиада чемпионы, Қазақстандағы «Спорт АИТВ-ға қарсы» ЮНЭЙДС-тің арнайы елшісі Бахтияр Артаев, Спарта-Астана КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов, «Bestdoctor.kz» медициналық ақпараттық порталының негізін қалаушы Айнұр Тәжина, белгілі қазақстандық шоумен және тележүргізуші Олжас Сыдықбек болды.

Акцияға Нұр-Сұлтан қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, үкіметтік емес ұйымдар, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Абдраимов Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен бүкіл әлемде өтіп жатқандығын атап өтті. Науқан үшін 2019 жылы «Қоғамдастықтың шешуші рөлі» ұраны таңдалды. Бір ай бойы елордада өтіп жатқан Дүниежүзілік науқанның іс-шаралары АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын қорғау мен көтермелеуге, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен АИТВ-инфекциясын емдеудің сапасын арттыруға,  кемсітушілік пен теңсіздікке жол бермеуге бағытталған. Сондай-ақ акцияға қатысушылар қан алуды қажет етпейтін, материал ретінде сілекей зерттеліп, инвазивті емес экспресс-тесттерді сынауға, тестілеу нәтижесін 15-20 минуттан кейін алуға мүмкіндік алды. Сәбит Абдраимовтың айтуынша, экспресс-тестерді қолдану халықты, оның ішінде негізгі топтарды тестілеуге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік берді, ерте диагностикалаудың және тестілеудің қол жетімділігінің арқасында қаламыздағы адамдардың 88%-дан астамы өздерінің АИТВ статусын білді, 75%-ы АИТВ-ның ерте кезеңінде анықталды, нәтижесінде оларға уақтылы медициналық көмек және емдеу көрсетілді.

Акция ұйымдастырушылары қаланың әр тұрғындарын АИТВ-ның алдын алуға аз да болса өз үлестерін қосуға, АИТВ-ның алдын алу шараларын және берілу жолдарын білуге, АИТВ туралы пайдалы ақпаратты достарымен бөлісуге, кемсітушілікке жол бермеуге және ЖИТС-ке қарсы іс-қимылдағы қауымдастықтардың рөлі туралы ұмытпауға шақырды.

АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша алған жақсы мағлұматтары үшін акция қатысушыларына сыйлықтар беріліп,ал ең белсенділеріне – Бахтияр Артаевтың қолтаңбасы бар бокс қолғабы сыйға тартылды. Акция барысында 2019 жыл бойы АИТВ-ның өзекті сұрақтарын жариялаған БАҚ аталып өтті.

ЖИТС орталығы осы акцияны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен барлық серіктестеріне жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіреді.

449ec0ec c911 4e97 8b48 7e61f7430546 NUR 2892 NUR 2863