2020 жылдың 30 қаңтарында Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС орталығында Орталық Азиядағы АИТВ бойынша USAID «Флагман» жобасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығына халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-инфекциясының індетін бақылау бойынша үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарға арналған ақпараттық жүйені тапсырды.

Жобаның арқасында үкіметтік емес ұйымдардың бағалаушылары жедел тестілеуді және АИТВ-ға өздігінен тексеруді, негізгі топтардағы туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға кеңес беруді және скринингті, вирустық жүктемені, емге бейімділік және әр түрлі себептермен диспансерлік есепте тіркелмеген АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды іздеуді қадағалай алады.
Диагностикадан емдеуге дейінгі көрсетілетін қызметтердің толық мөлшерін қамтамасыз ету бойынша үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігері медициналық ұйымдарға айтарлықтай қолдау көрсетеді және негізгі топтар арасында АИТВ жұқпасының жаңа жағдайларының санын қысқартады, себебі, індет негізінен аталған топта дамып келеді, - деп атап өтті ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.
Төрт жыл ішінде пилоттық режимде жүзеге асырылған «Флагман» жобасы арқылы Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының 10 мыңға жуық тұрғыны өзінің АИТВ - мәртебесін білді, 500-ге жуық науқас диспансерлік есепке тұрып, бес мыңнан астам адамға әлеуметтік қолдау қызметі қолжетімді болды.
Алдағы уақытта өзге де жобалар мен әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Үкіметтік емес ұйымдар пайдаланатын ақпараттық бағалау және мониторинг құралдары, елдегі АИТВ індетіне қарсы күреске азаматтық қоғам ұйымдарының үлесін арттыруға және ЮНЭЙДС-тің 90-90-90 мақсаттарына табысты қол жеткізуге мүмкіндік береді.