27.01.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы медицина қызметкерлерін даярлау және оқыту шеңберінде республикалық маңызы бар медициналық ұйымдардың, ұлттық ғылыми орталықтардың және Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ұйымдардың эпидемиологтары мен АИТВ мәселелері бойынша жауапты медицина қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар өткізді. Семинардың негізгі тақырыбы Денсаулық сақтау министрлігінің АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша жаңадан қабылданған бұйрықтарының талаптарымен танысу болып табылады.

Семинарда жаңа бұйрықтардағы өзгерістер мен толықтырулар, есептік нысандар бойынша, сондай-ақ апаттық жағдайлар туындаған кезде медицина қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі бойынша презентациялар ұсынылды.
Сонымен бірге, 2020 жылы қалада АИТВ-ның таралуы және эпидемиологиялық жағдай бойынша, МҰ-да реципиенттерді және есепке қою кезінде жүкті әйелдерді тестілеу бойынша жеке презентациялар ұсынылды. Семинарға 47 емдеу мекемесінен медицина қызметкерлері қатысты.