Байқаудың тақырыбы: «АИТВ мен өмір сүретін адамдарды қоғамда кемсітіушілікке жол бермеу»

Нұр-Сұлтан қалалық «ЖИТС-тың алдын алу және оған күрес орталығы» МКҚК тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясы туралы хабардар етуге және АИТВ жөнінде дұрыс ақпарат қалыптастыруға бағытталған журналистер арасында конкурс жариялайды.

 

 

          Шараның мақсаты АИТВ (СПИД,ВИЧ)- мен өмір сүретін адамдарға толеранттық қарым – қатынасты қалыптастыру, стигма мен дискриминацияның алдын алу.

          Аталмыш конкурс келесі номинациялар бойынша өтеді: 1) "Интернет-БАҚ-тағы үздік мақала номинациясы; 2) "ТВ-дағы үздік сюжет", үздік бағдарлама" 3) Үздік радио-сюжет/ бағдарлама аталымы бойынша/ 4) Әлеуметтік желілерде жарияланған үздік мақала

         Байқауға еліміздегі кез келген деңгейдегі барлық БАҚ-тың журналистері қатысуға құқылы.

         Қарауға 2021 жылдың 01.05.2021ж. бастап 2021 жылдың 20-шы қазаны аралығында эфирге шыққан немесе БАҚ-та жарияланған жұмыстар қабылданады.

          Байқау жұмыстары келесі түрде ұсынылады:

ТВ-материалдар DVD-дисктерде беріледі, ал радио мен фото жұмыстар – CD немесе DVD-дискте; Интернет-БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланған мақаланың сілтемесі.

          Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Бір автор кемінде екі немесе оданда көп жұмысын ұсынады. Оларды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық мекен-жайына көрсетілген мерзімге дейін жіберу керек. Байланыс телефондары: 7172) 38-15-85, 38-04-71, 8 701 622 56 78 WhatsApp.

         Байқау тақырыбына қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ мерзім аяқталғаннан кейін өткізілген жұмыстары байқауға қатыстырылмайды. Байқау туралы толық ақпарат http://kazaids.kz/сайтында жарияланады.

          Байқау жеңімпаздарын марапаттау осы жылдың соңында, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында өткізіледі.