2021 жылдың 20 қазанында ЖИТС орталығында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары А.Ш.Рустемованың басшылығымен ағымдағы жылдың 9 айындағы ЖИТС қызмет нәтижесі бойынша кездесу өтті.

1

  

          Кездесу барысында ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының директоры Абдраимов Сәбит Бекмағанбетұлының 2021 жылдың 9 айында жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды. Елордадағы эпидемиологиялық жағдайға, жыныстық жолмен берілетін аурулардың көбеюіне, негізгі популяциялар арасында аурушаңдықтың жоғарылауына және науқастардың АРТ-ны ұстануына байланысты проблемалық мәселелер талқыланды. ҚДИАҒ орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы арасындағы бекітілген Меморандум индикаторларының орындалуының қол жеткізілген көрсеткіштері атап өтілді.

2

            Кездесу соңында халықты тестілеуді қамту деңгейін жоғарылату, АРТ-ға бейімділікті арттыру және басқалары бойынша негізгі міндеттер анықталды.