2021 жылдың 22 қарашасында «Тұран Астана» университетінің студенттері «Өз АИТВ мәртебеңді біл!» акциясына қатысып, АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті. Бұл акция Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған.

1

1

Әрбір тілек білдіруші мобильді тестілеу пунктінде құпия және тегін тексеруден өтіп, мамандардан кеңес ала алды. «Біздің «Өз АИТВ мәртебеңді біл!» көшпелі акциямыз  бұл АИТВ-ны уақтылы анықтаумен қатар, жастарға АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы еске салу мүмкіндігі болып табылады. Биылғы жылдың 10 ай қорытындысы бойынша АИТВ-ны жұқтыру жағдайларының 82% - ы жыныстық жолмен, оның ішінде 60%-ы кездейсоқ жыныстық қатынас нәтижесінде болған», - деп атап өтті ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж.Айтмағанбетқызы. Тестілеуге қатысқаны үшін студенттер естелік сыйлықтар мен буклеттер алды. Барлығы АИТВ – ға 27 адам тестілеуден өтті.

WhatsApp Image 2021 11 22 at 14.39.25 2