2021 жылғы 24 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Менеджмент, бизнес және білім колледжіндеДүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған Жастар форумын өткізді.
ФорумғаНұр-Сұлтан қаласының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттерімен «Жизнь вопреки» ҚҚ маманықатысты. Қоғамдық қор тарапынан АИТВ-ның таралу жолдары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың басына түсетін қиындықтары, стигма мен дискриминациясы жөнінде айтып өтті.
Форумға қатысушылар АИТВ туралы маңызды хабарламалар жасап, достарымен волонтерлік туралы білімдерімен, тәжірибесімен бөлісті. Форум барысында естелік сыйлықтар табысталатын викторина-ойыны ұйымдастырылды.
Форумға 60 студент қатысып, АИТВ мәселелері бойынша кеңес алды.