2021 жылғы 24 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының «Астана Медицина университеті» КЕАҚ Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы шеңберінде стоматология факультетінің 2 курс студенттерінің командалары арасында «ЖИТС және қоғам» тақырыбында дебат өтті.

1

Студенттер АИТВ және ЖИТС-тың алдын алу, диагностикалау және емдеу саласындағы өзекті мәселелері бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Іс-шараның модераторлары қалалық ЖИТС орталығының мамандары, емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.Ш. Сергалиева, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгеруші Ж. Айтмағанбетқызы және диагностикалық зертхананың дәрігер-лаборанты М.Е.Жакижанова болды.

2

Бұл іс-шара жастардың ақпараттық деңгейін, толеранттылығын арттыруға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жоюға бағытталған. Ең белсенді командаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.3

Іс-шара соңында ниет білдірушілер АИТВ - ға экспресс-тест тапсырып, ақпараттық материалдар (брошюралар, парақшалар) алды.4