2021 жылғы 25 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес компаниясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арналған семинар-тренинг өтті, сондай-ақ журналисттер арасында баспа басылымында, электрондық БАҚ-та үздік жарияланымға және үздік теле/радиоматериалға арналған конкурстың қорытындысы шығарылды.

100

Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты халық арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша ақпарат беру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және кемсітушілікке жол бермеу болып табылады. Осы тұрғыдан БАҚ-ның маңызы зор. Қоғамда АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы қаншалықты көбірек ақпарат берілсе, соншалықты дұрыс түсінік қалыптасады.

         100

200

          Байқау қорытындысы бойынша "Егемен Қазақстан" республикалық газеті, аға журналист Анар Төлеуханқызы, "Астана TV" телеарнасының "Айтарым бар"  әлеуметтік жобасының ұжымы, "Шалқар" радиосы, аға редактор Мейрамгүл Исатайқызы, "Тенgrinews.kz" журналист Мереке Амангелдіқызы жүлделі орындарға ие болды.

          БАҚ-дың арасындағы байқау АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия  бойынша одағының мен Орталық Азия жаһандық денсаулығын зерттеу орталығының қолдауымен өтті.