2022 жылдың 08 ақпанында ЖИТС орталығында «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Ауғанбайқызы Әлімғазинамен кездесу өтті.
Ұжыммен әңгімелесу барысында Б.Ә.Әлімғазина «Nur Otan»партиясының XXI съезінде айтылған негізгі міндеттер мен мақсаттарды түсіндірді. Ол партия құрылымының ұсынылып отырған реформаларына, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне тоқталды.
Кездесу барысында партия өкілі қатысушыларды мұқият тыңдап, барлық сұрақтарға жауап берді.
Ең маңыздысы әлеуметтік сипаттағы мәселелер – жас мамандарға арналған тұрғын үй, шұғыл уақытта автобустардың жүктелуі, медициналық ұйымдардың жанындағы жылы аялдамалар және т. б.
Б.Ә.Әлімғазина орталық ұжымына Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау ісінде шығармашылық табыс тіледі.