2022 жылы 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына Германия, Қырғызстан және Өзбекстаннан зерттеуші-мамандардан құралған халықаралық делегация келді.
Халықаралық делегацияны Қазақстанның негізгі топ құрамына кіретін тұрғындарға көрсетілетін әлеуметтік қолдау тәжірибесі және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы қызықтырды.
Кездесу барысында қонақтар орталықтың зертханасын, Сенім пунктін, Достық кабинетін, жылжымалы сенім пунктін қарап аралады. Сондай-ақ, делегация назарына бірқатар презентациялар ұсынылды. Қызықтырған мәселелер бойынша екі жақ мамандары пікір алмасты.
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі күшейту және «SOLID жобасының мысалында, тәуелділікті емдеу және алдын алу саласындағы әлеуметтік жұмысты дамыту» жобасын қолдауға келісті.
Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС орталығы Халықаралық делегацияның келуінен видео