08.11.2022ж. Астана қаласы №2 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік блогының конференц-залында АИТВ-жұқпасы туралы семинар өткізілді. Семинарға перзентхананың дәрігерлері, медбикелері, акушеркалары, лаборанттары қатысты.

Семинар барысында эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасын алдын алу шаралары, АИТВ-жұқпасына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қан алғанда конфиденциалды медициналық тексерілудің ережелерінің сақталуы, АИТВ-ға тесттілеу алдында және соңында кеңес беру, апаттық жағдайларда медициналық қызметкерлері арасында АИТВ-ның алдын алу туралы айтылды. Медициналық қызметкерлерге қолданылып жүрген нормативті құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат жеткізілді. Семинар соңында сұрақтарға жауап берілді.