2022 жылғы 23 қарашада елордалық «Астана теміржол вокзалы» жолаушылары мен келушілеріне арналған жедел тестілеу акциясы өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласының көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді. Акциялар Дүниежүзілік ЖИТС күніне қарсы 2022 жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтуде.
Дәрігер-эпидемиолог Д.Бексұлтанова экспресс-тесттерді қолдану халықтың осал топтарын тестілеуге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұл экспресс-тесттердің бірқатар артықшылықтары бар: нәтижені қысқа мерзімде алу, орындалуы мен түсіндіруге оңай, сақтау шарттарына минималды талаптар қойылады және жабдықты пайдалануды қажет етпейді.
АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша атқарылып жатырған акциялар тұрғындарды АИТВ мәселелері бойынша хабардар ету, сондай-ақ халық арасында АИТВ-инфекциясының таралуын азайту, өз денсаулығына,айналасындағы жақындарының денсаулығына қатысты жауапкершілікті арттыру мақсатында өткізіледі.