2022 жылғы 25 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында «Нұрлы жол» теміржол вокзалында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Теңдік уақыты!» атты кең ауқымды акциясы өтті.
«
«Бүгінгі күні Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні әлі де өзінің өзектілігін сақтайды, себебі АИТВ бойынша алдын алу және қызметтерге қолжетімділік мәселелерінде проблемалар бар. Осыған байланысты, халықтың АИТВ туралы хабардарлығын арттырудың маңыздылығын, АИТВ-ға тестілеудің және оң мәртебесін білу маңыздылығын, стигма мен кемсітушілікті жоюдың және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттырудың маңыздылығын тағы да атап өткім келеді», - деп атап өтті ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Ж. Айтмағанбетқызы.
Акция барысында барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтуге және қысқа уақыт ішінде АИТВ-ның мәртебесін білуге, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша кеңес алуға мүмкіндік алды.