2022 жылғы 28 қарашада елордалық «Керуен» СОО келушілеріне арналған экспресс-тестілеу бойынша акция өтті. Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары ұйымдастырды. Акциялар Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында 2022 жылдың 21 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында өтуде.

WhatsApp Image 2022 11 28 at 14.52.57

«

Акция барысында орталық мамандары АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, тестілеудің маңыздылығы және өз АИТВ мәртебесін білу қажеттілігі туралы және стигма мен кемсітушілік тақырыптарын қозғады. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Бұл іс-шаралар - АИТВ-инфекциясының таралуы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне халықтың назарын аудару мүмкіндігі.

WhatsApp Image 2022 11 28 at 14.42.19