2022 жылғы 30 қарашада Астана қаласының №5 емханасында АИТВ - инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері «Шуақ» жастар денсаулық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп Ашық есік күнін өткізді.

1

Емхананың 2 қабатында «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылып, онда тілек білдірушілер АИТВ - ға тегін және құпия түрде жедел тестілеуден, сондай-ақ қан қысымын тексеріп, қандағы глюкоза, холестерин деңгейін анықтауға арналған жедел тестілеуден өтті.

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері тұрғындарға АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып берді, ал «Шуақ» жастар орталығынан №58 мектептің 9 сынып оқушыларынан құрылған еріктілер би флешмобын көрсетті.

Бұл іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні шеңберінде және халық арасында АИТВ-инфекциясының таралуын азайту, өз денсаулығына жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту мақсатында өткізілді.

2

3