2022 жылғы 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында «Шаг в будущее» және «Жизнь вопреки» үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясын ұйымдастырушылардың айтуынша, 2022 жылғы Дүниежүзілік науқанның тақырыбы «Теңдік уақыты!». Бұл күндері Денсаулық сақтау, азаматтық қоғам, әртүрлі ведомстволар АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың ынтымақтастығы мен қолдауы үшін бірігеді. Елордада 21 қараша мен 1 желтоқсан аралығында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша онкүндік өтті.
Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры С.Абдраимов атап өткендей, бүгінгі таңда АИТВ-инфекциясының және қосарлама аурулардың алдын алу, диагностикалау және емдеудің тиімді құралдарына қолжетімділікті кеңейтудің арқасында, күтім және қолдау бағдарламаларын енгізу нәтижесінде, АИТВ-инфекциясы терапияға жарамды созылмалы аурулар санатына өтті, бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру ұзақтығына оң әсерін тигізеді. Соңғы 10 жылда АРТ-мен қамту 5 еседен астам өсті және есепте тұрғандар санының 93% -н құрайды. Соңғы 5 жылда ЖИТС салдарынан болатын өлім-жітім 2 есеге жуық қысқарды. Бұл көрсеткіш-Қазақстанда тегін ұсынылатын және диагноз қойылғаннан кейін бірден басталатын антиретровирустық терапияға қолжетімділіктің артуының басты нәтижесі.
Баспасөз конференциясына «Қазақстан ұлттық арнасы», «Астана» ТК «Вечерняя Астана», «Астана ақшамы» республикалық, қалалық газеттерінің, «Елорда ақпарат», «BAQ KZ», «Kazinform», «BaigeNews.kz», «24 info kz» ақпараттық порталдары, «Халық үні» сайты секілді бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.