Жыл сайын, 1 наурызда ЮНЕЙДС-тің бастамасымен әлем бойынша Кемсітушілікке қарсы күрес күні өтеді. Биыл, аталған күн «Қылмыссыздандыру өмірді сақтайды» атты ұранымен өтуде. ЮНЭЙДС халықтың негізгі топтары мен мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қылмыссыздандыруы эпидемияны жеңуге және өмірді сақтап қалуға көмектесетінін атап көрсетеді. ЮНЕЙДСТІҢ пікірінше, кейбір елдерде халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға бағытталған қылмыстық заңдар адам құқықтарын бұзады, стигматизацияны күшейтеді және адамдарға қауіп төндіреді, олардың денсаулығын сақтау үшін қажетті қолдау мен қызмет көрсетуге кедергілер жасайды.

2021 жылдан бастап әлем АИТВ-ға қарсы іс-қимыл шараларына кедергі келтіретін және халықтың негізгі топтарын қорғаусыз қалдыратын қылмыстық заңдарды жоюға бағытталған заңнаманы реформалаудың өршіл мақсатын қойды. Декриминализацияны АИТВ-ға қарсы іс-қимылдың маңызды бөлігі ретінде мойындай отырып, көптеген елдер 2025 жылға қарай АИТВ-ға қарсы іс-қимыл шараларына әсер ететін жазалаушы құқықтық және саяси жүйесі бар елдердің санын 10% - дан азға жеткізуге міндеттеме алды.
ЮНЕЙДС-тің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта 134 елде ауруды жасыру, АИТВ-инфекциясын тарату немесе жұқтыру үшін адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартады немесе басқа жолмен қудалайды, 20 елде трансгендерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартады және/немесе қудалайды, 48 мемлекет әлі де өз аумағына кіруге АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін шектеулер енгізуде, ал 53 елде міндетті түрде АИТВ-ға тестілеу қажет, мысалы, неке туралы куәлік алуға немесе белгілі бір кәсіби салада жұмыс істеуге. Әлемнің 106 елінде жасөспірімдердің АИТВ-ға тестілеуге қол жеткізуіне ата-аналардың келісімі қажет.
Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында атап өткендей, кемсітушілікті жою кешенді түрде жүргізілуі және аурудың алдын алу шаралары туралы халықты ақпараттандыруға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтауға, халықтың негізгі топтарының профилактикалық және медициналық қызметтермен қамтылуына қол жеткізуге және кеңейтуге негізделуі тиіс. Кемсітушілік сияқты үлкен кедергіні жойған жағдайда ғана, АИТВ-инфекциясының алдын алу және медициналық күтімнің тиімділігіне қол жеткізуге болады.
АИТВ-ға байланысты кемсітушіліктің қандай да бір түрлеріне жол бермеу туралы мемлекеттің кепілдіктері Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде заңнамалық деңгейде бекітілген. Елімізде ЮНЭЙДС-тің "95-95-95" стратегиясы жүзеге асырылуда, ол АИТВ-инфекциясының алдын алуды, тестілеуді, емдеуді және күтімді қамтамасыз етуге бағытталған.
Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Сабит Абдраимовтың айтуынша, тестілеу стратегиясын, күтім және емдеу бағдарламаларын іске асырудың арқасында, қалада АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың 92%-ы өз мәртебесі туралы біледі, олардың 82%-ы антиретровирустық терапия қабылдайды және олардың 87%-нда вирустық жүктеме басылған. Ол сондай-ақ АИТВ-мен ауыратын әйелдердің жүктілікті жоспарлау, босану әдістері және т.б. мәселелерінде таңдау құқығы бар екенін, АИТВ-мен ауыратын балаларға білім беру ұйымдарына бару құқығы қамтамасыз етілетінін, АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында халықтың негізгі топтарының өкілдеріне АИТВ және ЖЖБИ диагностикасы, алдын алу және емдеу бойынша барлық қызметтер қолжетімді екенін атап өтті.