Астана қаласына іс-сапар аясында Йель жаһандық денсаулық институтының эпидемиология және фармакология профессоры Роберт Хеймер және «Назарбаев Университеті» Медицина мектебінің профессоры Сайед Әли Астана қаласының «Жизнь вопреки», «Шаг в будущее», «HumanHealthInstitute»ЖИТС-сервистік үкіметтік емес ұйымдарына барды.

 

 жизнь вопр

 

 

 WhatsApp Image 2023 09 19 at 14.33.05

шаг в буд

 

Қонақтар ҮЕҰ жұмысымен танысып, халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның таралуын азайту шараларын талқылады. Профессор Роберт Хеймер Вьетнамда, АҚШ-та және Ресейде жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Профессор Сайед Әли «Hot spots of HIV infection in Kazakhstan» жобасын іске қосу жоспарымен таныстырды.

Іс-шара соңында қатысушылар одан әрі ынтымақтастық туралы келісті.

Исп.Д.Бексултанова

орг.метод.отдел