Осыдан 35 жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен алғаш рет Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні құрылды, оның басты мақсаты АИТВ-инфекциясының таралуынан туындаған ЖИТС індеті туралы хабардарлықты арттыру болды. 

 WhatsApp Image 2023 11 22 at 15.36.33

 

WhatsApp Image 2023 11 22 at 15.51.07

                  Бүкіл әлемде 1 желтоқсан күні АИТВ-ның таралуына қарсы күресте адамдарды біріктіретін акциялар өтеді.

               2023 жылғы 22 қарашада Астана қаласының халықаралық әуежайында «Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында Астана қаласының көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарымен бірлесіп, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша акция өткізілді. Тестілеу процедурасы тек тестілеуден өту ғана емес, сонымен қатар тестке дейінгі және кейінгі кеңес алып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.

               Акцияның мақсаты - АИТВ-инфекциясын ерте, дер кезінде анықтау және халық арасында АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу.