2023 жылғы 23 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Астана қаласының №11 емханасында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігерлері, «Дауа» жастар денсаулық орталығының қызметкерлері мен емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің медицина қызметкерлерімен бірлесіп, «Сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда!» ұранымен «Ашық есік күнін» өткізді.

 

WhatsApp Image 2023 11 23 at 14.41.53 

 

WhatsApp Image 2023 11 23 at 14.36.11

WhatsApp Image 2023 11 23 at 14.39.58

 WhatsApp Image 2023 11 23 at 14.53.51

 

«Томирис» медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» факультетінің 4 курс студенттері келушілердің назарына флешмоб би нөмірін ұсынды және ақпараттық білім беру материалдарын таратты.

Аталмыш шарада емханада тіркелген тұрғындарға АИТВ мәселелері бойынша орталық дәрігерлерінен кеңес алу және тегін АИТВ - ға жедел тестілеуден өту мүмкіндігі ұсынылды. Ал емхана тарапынан акцияға қатысқан тұрғындардың қандағы глюкоза, холестерин деңгейін анықтауға жедел тестілеу және қан қысымын өлшеуге мүмкіндігі болды.