2023 жылдың 27 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында «Артем» сауда үйі мен «Асем» сауда орталығында келушілер мен қызметкерлерге арналған АИТВ-ға жедел тестілеу бойынша акция өтті.
Іс-шараны АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары Астана қаласы Сарыарқа ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді.
Акция барысында АИТВ орталығының мамандары АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, стигма мен кемсітушілік тақырыптарын қозғады. Акцияға қатысушылар АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтіп, ақпараттық буклеттер, үнпарақтар таратылды.