Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында, 2023 жылдың 30 қарашасында ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери – патриоттық орталығында семинар өтті.

 

WhatsApp Image 2023 11 30 at 10.28.07 1

    Семинардың мақсаты әскери қызметкерлердің арасында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру болып табылады. Семинар барысында АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер-эпидемиологы Бекетова Ж.Қ. АИТВ инфекциясының астанадағы эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдарын және профилактикалық шаралары туралы айтты.        

Барлық қатысушыларға ақпараттық-танымалдық материалдары таратылды.