Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында Астана қаласының «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» «Астана медицина университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп, 2023 жылғы 27-29 қараша аралығында АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған үздік ұранға конкурс жариялады.
Байқау Астана медицина университетінің студенттері арасында @amu_mua_official АМУ ресми парақшасында өтті. Қатысушыларға АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған және жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыратын өз ұрандарын ұсыну қажет болды.
Байқау қорытындысы мен қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік ұранның авторы Адия Үйсімбаева @a.uisimbaeva «Өмірге-Иә! АИТВ-жоқ! Анықтаудың жалғыз жолы-тест тапсыру!» ұранымен жеңімпаз атанып, естелік сыйлыққа ие болды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға қызығушылық пен белсенділік танытқандары үшін алғыс айтып, барлығына табыс пен жаңа жеңістер тіледі!