2024 жылдың ақпан айында Астана қаласының №69 мектеп-гимназиясы, №35 мектеп-лицейінде және Республикалық физика-математика мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына АИТВ орталығының дәрігер-эпидемиологы Бекетова Ж.Қ. және эпидемиолог көмекшісі Нургалиева С.Т. «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.
Семинар барысында АИТВ орталығының мамандары АИТВ инфекциясының астанадағы эпидемиологиялық жағдайын, берілу жолдарын және профилактикалық шаралары туралы айтты. Сұрақтарға жауап беріп, белсенді отырған оқушыларға көтермелеу сыйлықтары таратылды.
Семинарға қатысқан барлық оқушыларға ақпараттық-танымалдық материалдар (брошюралар, парақшалар) таратылды.