2024 жылғы 22 ақпанда «Ramada» қонақ үйінің конференц-залында «Астана қаласында АИТВ-ға өзін-өзі тестілеу» жобасының аяқталуына орай дөңгелек үстел өтті.
Жобаны «Шеврон» компаниясымен серіктес Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қазақстандық қауымдастығы(КМПА) іске асырды. Дөңгелек үстелге Астана қаласының АИТВ орталығының өкілдері мен жобаны үйлестірушілер қатысты. Астана қаласы әкімдігінің АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К. Аскаров «Астана қаласында АИТВ-инфекциясының таралуы бойынша жағдайға қысқаша шолу» тақырыбында баяндама жасады.
Ол өз сөзінде «Қызметтің осы түрі АИТВ-ны жұқтыру қаупі бар және өзіне ыңғайлы жағдайда тест тапсырғысы келетін адамдарға көмек ретінде жасалған. Адамдарды осылайша тестілеуден өткізу өзінің АИТВ статусын білетін адамдардың санын арттыруға және нәтиже оң болған жағдайда емдеуді дереу бастауға көмектеседі» - деді.
АИТВ-ға өзін-өзі тексеру қарапайым, жылдам, ыңғайлы, ең бастысы тегін және құпия түрде өтеді. Жоба тесттерді алудың бірнеше тәсілін таңдауды ұсынды. Олар: АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында, ҮЕҰ-да, сәлемдемелер беру терминалдары - тастаматтар немесе курьерлік қызметтің көмегі.