14.02-23.02.2024 жылдар аралығында АИТВ-инфекциясының алдын орталығының мамандары «NAK Construction» ЖШС, «Development» ЖШС, «Investments» ЖШС, «Нұр Астана құрылыс» ЖШС, «Астана су арнасы» МКК басшылары мен қызметкерлері үшін «АИТВ-ның бизнеске әсері», «АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізді.
АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары Астанадағы эпидемиологиялық жағдайға, жұқтыру жолдары мен АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларына тоқталды. Сондай-ақ, олар жеке профилактиканың қажеттілігі, АИТВ-ға тестілеудің маңыздылығы туралы айтты. Бүгінде Қазақстанда АИТВ/ЖИТС бизнеске теріс әсер етпейді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды жұмыстан шығаруға немесе жұмысқа қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді Барлық қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, парақшалар), жеке қорғаныс құралдары таратылды. Барлығы 385 адам қамтылды.