2024 жылғы 6 наурызда Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында ЕЖЕ тобының аутрич - қызметкерлерініңбілім деңгейін арттыру мақсатында АИТВ инфекциясының сұрақтары бойынша, соның ішінде байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактика мәселелері бойынша АИТВ орталығының және «Human Heath Institute» ҚБ аутрич-қызметкерлерімен оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында АИТВ орталығының дәрігер-эпидемиологы Бекетова Ж.Қ 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы және 2024 жылға қойылған басты міндеттер бойынша баяндама жасады. Қатысушылар профилактикалық қызметтердің, соның ішінде Достық кабинеттерде берілетін байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы ЕЖЕ клиенттеріне ұсынуды талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың оң жақтары атап өтілді, сондай-ақ, АИТВ таралуының алдын алу және халықтың негізгі топтарымен өзара іс-қимылда кемшіліктерді жою жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы мәселелер талқыланды және қойылған сұрақтардың барлығына жауап берілді.