Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының профилактикалық бөлімнің мамандары Жаманова А.И., Бекетова Ж.К., Каратаева Г.Е., Нургалиева С.Т. жоғары сынып оқушыларының АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттандыру және білім деңгейін арттыру мақсатында № 21 орта мектепте, №№ 28,50,54 мектеп-лицейлерде және № 40, 51 мектеп- гимназияларда семинар мен лекциялар өткізді.
Шара барысында мамандар АИТВ-инфекциясынан қорғау шаралары мен таралу жолдары айтып, АИТВ-инфекциясының таралу эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды, сондай-ақ, бейнеролик көрсетілуімен АИТВ стигмасы мен кемсітушілік бойынша тренинг жүргізді. Барлық оқушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.