2024 жылғы 14-15 мамырда, Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында, Астана қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №№3,64 мекемелерінде жеке құрам арасында «АИТВ-инфекцияның пенитенциарлық системасында алдын алу» тақырыбына байланысты семинар өткізілді. 

 cc7dea1e d258 423e 9e51 4a560a7e9b21

    

 fc470033 4c22 479b 8ef2 d07a757ce33a

      

Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологы Жаманова А.И. АИТВ-инфекциясының Астана қаласындағы эпидемиологиялық жағдайын, жұғу жолдарын, алдын алу шараларының маңызын, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигмамен кемсітушілікпен күрес мәселелері бойынша айтып өтті. Ақпараттық танымалдық материалдар (брошюралар, парақшалар) таратылды.

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы ҚАЖД мекемелерінде АИТВ-инфекциясының таралуымен алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады; оның ішінде жеке құраммен сотталғандар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру бағдарламалары тұрақты іске асырылып, буклеттер, брошюралар, парақшалар, плакаттар таратылады; бегіленген мерзімде сотталғандарды АИТВ-ға уақытылы тексеруден өткізіледі. Мұндай іс-шараларды қабылдау сотталғандардың арасында осы инфекцияның таралу қаупін азайтуға және мекеме ішілік таралуын алдын алуға көмектеседі.