Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні аясында 2024 жылдың 15 мамырында Менеджмент, бизнес және білім колледж базасында студенттерге арналған «Дені сау отбасы – салауатты ұлт» тақырыбында семинар өтті, онда жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері қарастырылды.
Семинар №3 қалалық емхананың «Жас Толқын» ЖДО гинекологы, СӨС өкілі, Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің майоры, «Аналар үйі» ресурстық орталығының мамандары және АИТВ орталығының дәрігер-эпидемиологының қатысуымен өтті. Шара барысында репродуктивті денсаулық; жасөспірімге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершілік және құқық қорғау органдарының әрекеттері; қиын өмірлік жағдайға тап болған балалы аналарды тастап кетудің алдын алу және АИТВ-дан қалай қорғануға болатыны талқыланды, студенттерге қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтылды.