Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Бұл іс-шараның мақсаты – ЖИТС-тен зардап шеккен адамдарды еске алу, қоғамды АИТВ-ның таралу жолдары, инфекциядан қорғану әдістері, жұқтыру кауіпі факторлары және дер кезінде диагностикалау туралы ақпараттандыру.
Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары іс-шараларды қолдап, осы күннің аясында 2024 жылдың 17 мамырында Қоғамдық қорлар «Шаг в будущее» және «Жизнь вопреки» қолдауымен «Тұран» колледжінің студенттеріне арналған акция өткізді. АИТВ орталығының мамандарының айтуынша, Астана қаласында АИТВ жұқтырғандардың басым бөлігі жыныстық жолмен жұқтырғандар, барлық жағдайдың 30%-ы 20-25 жасқа келеді. АИТВ орталығының директорының орынбасары Салтанат Мусина өз сөзінде студенттердің назарын АИТВ инфекциясын алдын алу қажеттілігіне және таралу жолдарын білуге, сондай-ақ инфекцияның алдын алу жолдарына аударды. «Бұл тек АИТВ мен ЖЖБИ-ның алдын алуға ғана емес, жалпы жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға да қатысты, сондықтан мен баршаңызды өз денсаулығыңызға мұқият болуға шақырамын», - деді ол.
Студенттер викторинаға да белсене қатысып, дұрыс жауаптары үшін қажетті сыйлықтарға (рюкзактар, құлаққаптар, доптар, теннис ракеткалары және т.б.) ие болды. Акция барысында қатысушылар анонимді экспресс-тестілеуден өтуге шақырылды.
Іс-шара студенттердің өздері дайындалған флешмобпен аяқталды, және қатысушыларға өз бетінше зерделеуге АИТВ туралы ақпараттық танымдық парақшалар таратылды.