Астана қаласында емханалар жанындағы жастар орталықтары, психикалық денсаулық орталығы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, полиция департаменті және көліктегі прокуратураның қатысуымен Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен «Право» қоғамдық қоры акциясының маусымы ашылды. «Астана есірткісіз қала» акциясына арналған (Әлеуметтік бюро) көшпелі іс-шара «Нұрлы Жол» теміржол вокзалында өткізіліп, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бағалы сыйлықтармен ұтыс ойыны өткізілді.
Акцияның басты мақсаты - қоғамды біріктіру және есірткіге қарсы іс-шаралардың кешенін іске асыру. Олардың барлығы салауатты өмір салтын насихаттауға, халықтың наркологиялық сауаттылығын арттыруға және балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау үшін алдын алу жұмыстарына қатысудың маңыздылығын түсінуге бағытталған, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізілді. Акция барысында ниет білдірушілер АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін және жасырын өтуге және қысқа уақыт ішінде АИТВ-ның мәртебесін білуге, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.