19.09.2024 жылы Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында АИТВ-инфекциясы және халықтың негізгі топтар үшін байланысқа дейінгі профилактика мәселелері бойынша аутрич-қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында аутрич-қызметкерлермен БДП бағдарламасының қағидалары және АИТВ-ның жыныстық жолмен таралу деңгейін төмендету аясындағы алдын алу іс-шаралар бойынша аутрич-қызметкерлер үшін оқыту семинары өткізілді.

WhatsApp Image 2024 09 19 at 16.18.23

Семинар барысында АИТВ орталығының мамандары эпидемиолог дәрігер А.И. Жаманова, дерматовенеролог дәрігер А. А. Бекмағанбетова аутрич-қызметкерлердің қызметінің 6 айдағы қорытындысы бойынша шолу жасап, 2024 жылға арналған БДП бойынша міндеттерді айтты. Қатысушылар халықтың негізгі топтар үшін Достық кабинеттерде қызмет көрсетуді, сондай, ақ байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі профилактиканы талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша БДП бағдарламасында клиенттерді Достық кабинетке тарту мәселелері қаралды, сондай-ақ халықтың негізгі топтарымен өзара іс-қимылда кемшіліктерді жою мәселелері, алдын алу жұмыстың тиімділігі талқыланды.

WhatsApp Image 2024 09 19 at 16.18.24