Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары 16.09-23.09.2024 жылы № 102 орта мектепте және № 60 мектеп лицейінде 9-11 сынып оқушыларына арналған семинар өткізді, онда жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері қаралды.
Семинар барысында жыныстық қол сұғылмаушылық, есірткіні қолдану қаупі сияқты мәселелер талқыланып, өз шешімдері мен өмірі үшін жауапкершілікті қабылдаудың маңыздылығы, өзін АИТВ-дан қалай қорғауға болатыны және қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтылды.
Оқушыларға ақпараттық роликтер көрсетіліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.