АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары мектептерің жоғары сынып оқушыларына «АИТВ - инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізуді жалғастыруда. № 3 және 91 мектеп-гимназияларында 502 оқушыны қамтумен дәрістер өткізілді.
Дәрістер барысында оқушыларға қаладағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, жастардың АИТВ - инфекциясы мәселелері бойынша хабардар болу маңыздылығы, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті қалыптастыру туралы айтылды. Мамандар қауіп факторлары туралы, есірткіні қолданудың салдары және жыныстық қатынастың ерте басталуына байланысты аурулар туралы айтты.
Тыңдаушылар АИТВ-инфекциясының алдын алуға бағытталған бағдарламаларына қызығушылық танытып, оларды қызықтырған сұрақтар бойынша сұрақтар қойып, ақпараттық-білім беру материалдар алды.