Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының мамандары «Қазжол қонақ үйі», «Ферғана» мейрамханасы, «Астана Тазалық» ЖШС, «Астаналық» СҮ, «Еуразия» СҮ басшылары мен қызметкерлері үшін «Еңбек саласындағы АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізуді жалғастыруда.
АИТВ-инфекциясы орталығының мамандары қызметкермен эпидемиологиялық жағдай, жұқтыру жолдары, АИТВ - инфекциясының берілуінің алдын алу түсіндірілді, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың құқықтары және стигма мен кемсітушілікпен күресу мәселелері қозғалды. Ақпараттық-білім беру материалдары (брошюралар, парақшалар) таратылды.