2024 жылғы 25 қыркүйекте Қалалық фтизиопульмонология орталығының бастамасымен «Астана қаласында Туберкулез Тоқта серіктестігін дамыту аясында АИТВ мен туберкулезге қарсы қызметтің өзара іс-қимыл моделін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Семинарға АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры К.К. Асқаров, Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры А.Б. Цепке, №1, №8 қалалық емханалар «Достық» АМСКО, сондай-ақ «Жизнь вопреки» ҚҚ және «Санат әлемі» ҮЕҰ қатысты.
Қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры А.Б. Цепке 2024 жылдың 8 айында Астана қаласы бойынша ТБ және ТБ/АИТВ эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндамасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардағы туберкулездің алдын алу мәселесі талқыланып, АИТВ/ТБ инфекциясы біріктірілген пациенттерді жүргізуге қатысты НҚА ұсынылды. АИТВ орталығының директоры К.К. Асқаров өз сөзінде Астана қаласы бойынша АИТВ-инфекциясы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар арасындағы туберкулез, АИТВ/ТБ біріктірілген инфекцияның алдын алу шаралары бойынша эпидемиологиялық жағдайдың үрдістерін атап өтті.
Келіссөз барысында Туберкулез тоқта кеңістігін ашу мақсатында Астана қаласы әкімдігінің деңгейіндегі адвокаттық кеңеске мәселелердің шешімін шығару ұсынылды. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға сапалы көмек көрсету бойынша туберкулезге қарсы, АИТВ қызметтерімен және МСАК-пен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жоспарлары тұжырымдалды.