2024 жылғы 22 қазанда Астана қаласында «АИТВ-ға байланысты стигма жоқ» жобасын іске асыру аясында Шеврон компаниясының қолдауымен жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған семинар-тренинг өтті. Тренингті ұйымдастырушылар  «Қазақстандық жыныстық және репродуктивті денсаулық қауымдастығы (ҚЖРҚ)» республикалық қоғамдық бірлестігі және Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы.

IMG 0768

      Іс-шараның мақсаты  кешенді жыныстық білім беру аясында репродуктивті денсаулық, АИТВ-инфекциясы және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері бойынша Астана жастарының хабардарлығын арттыру. Семинарға қатысушылармен мамандар адам құқықтары, гендерлік теңдік, зорлық-зомбылықтың алдын алу, репродуктивті денсаулықты қорғау, тұлғааралық қарым-қатынас және шешім қабылдау дағдылары сияқты мәселелерді талқылады. Тренингтің барлық қатысушыларына көрнекі материалдар таратылып, сертификаттар табысталды.

IMG 076711 min

IMG 0770