2024 жылғы 31 қазанда АИТВ-инфекциясы орталығының эпидемиолог дәрігері Ж. К. Бекетова «SOS Астана балалар ауылы» ДББМ-ның 15 жасқа толған және одан жоғары жастағы тәрбиеленушілері арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2024 11 01 at 08.54.44

     Аталған іс-шара АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері, АИТВ-ның берілу жолдары және ілеспе алдын алу шаралары туралы хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған. Ж. К. Бекетова тәрбиеленушілердің назарын салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясының таралуына кедергі келтіретін саналы мінез-құлыққа, сондай-ақ Астана қаласының жастары арасында жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға аударды.  

       Тәрбиеленушілерге ақпараттық-білім беру материалдары таратылды. Іс-шараға ____адам қатысты.