Курсанттардың АИТВ инфекциясы мен тиісті алдын алу шаралары туралы ақпараттылығын арттыру мақсатында АИТВ орталығының маманы Ж.К.Бекетова ҚР Ұлттық Гвардиялық Бас қолбасшылығының және Әскери медициналық басқармасының курсанттарына дәріс өткізді.

111 1

  Қысқа мерзімді жоспарға АИТВ этимологиясының атауы, оның басқа вирустардың айырмашылығы, таралу жолдары мен инфекциядан қорғану жолдары туралы мәселелер кірді.

     Курсанттарға бейне фильмдер көрсетіліп, соңында тыңдаушылармен диалог жүргізілді. Курсанттар өздерін қызықтыратын сұрақтарға білікті маманнан жауаптар алды. Кездесу барысында АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды кемітуге жол бермеу тақырыбы да талданды.

  Кездесудің басты мақсаты курсанттардың бойында өзінің денсаулығына және салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген саналы таңдаулы қалыптастыру болды.

     Дәріске 245 курсант қатысты.

 WhatsApp Image 2024 11 04 at 09.09.19 1