«Біз АИТВ-инфекциясымен қорқытпаймыз, біз оның жазылмайтын сырқат екендігін, оның ағзамызға қалай әсер ететінін, қалай берілетінін және инфекцияны жұқтырмау үшін не істеу керектігін түсіндіреміз», - деді қалалық АИТВ-инфекциясы орталығының эпидемиолог-дәрігері Жанна Қуанышқызы Бекетова. Өңіраралық өзара іс-қимыл аясында АИТВ-инфекциясының аумақтық шекарасы жоқ эпидемиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Қосшы қаласында орналасқан орта мектептердің жоғары сынып оқушыларымен АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өтті.
Ашық әңгімеде нысанында өткен іс-шарада АИТВ орталығының маманы АИТВ инфекциясы туралы негізгі ақпаратты айтып, жастардың назарын АИТВ-мен байланысты стереотиптер мен нанымдардан азат қоғамды қалыптастыруға аударып, АИТВ-мәртебесін білу қажеттілігі мен алдын алу тәсілдері туралы айтты.
Іс-шара қала тұрғындары қойған сұрақтарды талқылаумен аяқталды.