2024 жылғы 4-8 қараша аралығына Қарақалпақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы өкілдерінің Астана қаласына сапары жоспарланған. Сапардың мақсаты ЮНЕЙДС «95-95-95» стратегиясының индикаторларына қол жеткізу, Астана қаласының тұрғындары арасында АИТВ-ның алдын алуға бағытталған қызметтерді кеңейту бойынша тәжірибені зерделеу.

WhatsApp Image 2024 11 05 at 16.09.51

 Бүгін, 4 қарашада қонақтар АИТВ орталығының және Брусиловский 4 мекенжайы бойынша орналасқан Достық кабинетінің жұмысымен және құрылымымен танысты. Кездесу барысында бөлімдердің жұмысымен танысып, электрондық бақылау жүйесінің негізгі принциптері, медициналық сақтандыру мәселелері, нормативтік құжаттамамен танысу, диагностикалық зертхананың жұмысын ұйымдастыру, ХНТ-мен жұмыс тәжірибесі, қаладағы, оның ішінде биомінез-құлықтық зерттеу деректері негізіндегі эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні       (1 желтоқсан) аясында Кампанияны өткізу мәселелері талқыланды.

Астана Медицина Университетінің резидент-инфекционистері үшін акт залында Қарақалпақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығы өкілдерінен мастер-класс өткізілді. Қарақалпақстаннан келген қонақтарға арналған бағдарлама ауқымды. Сонымен қатар сапар аясында АИТВ-инфекциясы кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері бойынша қаланың үкіметтік емес ұйымдары мен медициналық мекемелеріне бару, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу айлығының басталуына арналған дөңгелек үстел жұмысына қатысу жоспарлануда.